Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  154


Автор: Рысбек Дəбей

Қыранның дауысы

Елеусіз сезбейтін басқа жан,
Сіздегі сыршылдық тым нəзік..
Мен-дағы сырымды ақтарам,
Оңаша жыр жазып.
Жырыммен бақытты болам да,
Түсемін тұңғиық түрмеге.
Түсіндім, топалаң заманда,
Ғайып боп кеттіңіз сіз неге?
Жер үсті арылмай жанжалдан,
Пенделік, Пенделік, Пенделік?
Үніңіз естіліп заңғардан,
Қалмайды менде ерік.
Қыранның дауысы ол талмайтын,
Жартаста жаңғырған.
Түйірде тозаңы қалмайтын,
Пенделер əлі жүр қаңғырған.
Жан аға, жалғанға кім ие?
Тартады барлығы салқынға.
Сен барда оңбаған дүние,
Əлі сол қалпында.
Сырыңмен мүлгітіп кетерсіз,
Беймаза ұрпақтың шуылын.
Қайта сіз бақытты екенсіз,
Басталды басқаша ғұмырың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу