30.05.2022
  85


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл дүниенің тозағы

Неше түрлі ой қармайды сананы,
Шын күнаһар болып кейде,
Кейде болып жалалы.
Сұр шекпенін киіп алып қаралы,
Азаматтың баласы еді.
Бірақ оны атуға алып барады.
Ісі болмай жүрсе дағы жұртпенен,
Жоқ ол жауыз,
Неше адамның нақақ қанын жүктеген.
Кісенделіп кетіп барады, ісі болмай, түкпеннен.
Сорлы анасы,
Сорақылық істі бұдан күтпеген
– «Іштен шыққан шұбар жылан», өртеп кетті-ау жүректі.
О, Қасірет жан дүниемді жүдетті.
– «Тумай ғана туа шөккір сор боп тудың бағыма»
-деп жылады ана байқұс тағы да.
Арашалап алмақ болып ұмтылып еді кимелеп,
Конвоерлер бейбақ ұлын алып кетті сүйрелеп.
Заңға қарсы шараң қайсы,
Айта алмайды-ау тиме деп!
– Сол арада мұңға батып, тұр еді бір жазушы,
Қасіретті күй бөлеп.
Арпалысқан сезім атты – дертпенен.
Қандай қиын,
Адам жанын зерттеген
Бірақ та ол жанашырлық етпеді,
Құрметтесең өз ісіңді құрметте.
Атылатын жанның ойын білмекке,
Көмек сұрап, прокурордың бөлмесіне беттеді.
Аман саулық сұрасқан соң былай деді жазушы.
– Көптен бері бір ой қозғап жанымды.
Аттыра алмай таңымды,
Ойым кетті сан-саққа,
Жазасы ауыр қылмыскерді азаптап,
Ит қорлыққа, әбігерге салсақ та,
Ауыр жаза өлімге де кестік кейбір зұлымды,
Рас, заман бүлінді,
Өлерінде қарманып,
Қылмыскерлер не ойланды пайымына бармадық.
Шығарманы жазбас бұрын,
Өтінішім өзіңе,
Ыждықатпен құлақ салғын сөзіме,
Жұрттың алған үрейін,
Камераға, бұл өмірдің тозағы
Өзің берген рұқсатыңмен кірейін.
– ИЯ – деді прокурор,
Тек екеуміз байқағын.
Жетегінде бір істің.
Келмесе егер өз бағыңды шайқағың,
Жан адамға жақ ашпауға тырысқын
Қылмыскердің ойын білгің келсе өліммен алысқан
Енді бүгін сол қылмыскр өзің болдың данышпан.
ХА-ХА-ХА.
* * *
Шолпан ауып бара жатыр, таң алды,
Жанарына уақытша мұң тұнып.
Атылатын жанның ойын білмек болып ынтығып,
Жазушы да камераға қамалды.
Өтіп жатыр күндер-күнге жалғасып,
Отыр енді қамалып ап құрсауға,
Кетер ме екен сан мың ойдан алжасып,
Құдіретін талантын да жұмсауда.
Қорықпайды О, Тоба,
Ойы тіпті басқада,
Кейде-кейде,
Оқ ататын автоматқа көз тастайды жасқана.
Күзетшінің беріп кеткең ашып еді газетін,
Қайтыс бопты,
Прокуроры масқара!
...Тоқтап қалды жанары,
Бүкіл әлем шыр айналып барады.
Өлім сәті таяп қапты, таяп қапты.
О Тоба.
Жан ұшыра сағатына қарады.
Бірақ сәтте ақыл естен адасып,
Өлім сәтін күткен қандай азапты,
Атып салған қандай тәуір, ап-ашық.,
Көрсеткенше тап мынадай дозақты.
Амал қанша сөнді арманы, сөнді үміт.
Әрбір секунт өлім бұлтын төндіріп.
Алаңдаудан өткен азап бар ма екен.
Өмір атты шырағыңды сөндіріп.
Үңірейген автоматтың аузынан,
Үрей келіп қадалғандай маңдайға,
Жүрек оты енді қайтып жанбай ма?!
Дозақ оты шыбын жанын жандырып,
Әлде жаннат мекеніне самғай ма.
– Әр минутым баланып еді алтынға,
Бал дәуренім қалды-ау қайран артымда,
Өзін-өзі орға жыққан ақылсыз,
Мен бір бейбақ нар түлға - деп өксікке булығып,
Жылап тұрған қалпында –
Ең қасірет жазаменен дүр сілкінткен ғасырды,
Темір есік, темір қақпа ашылды.
О,Жасаған қарашы.
Жаңа ғана жатқызып еді, марқұмға,
Жазылғандай көңілінің жарасы,
Күлімсіреп жолдасы тұр, газеттегі сұлу бейне қалпында,
– Жігіт па деп ойлаушы едім нар тұлға,
Шығармаңа нәр беретін ауқымды,
Қорытындыны мен айтайын ал тыңда!
– деді күліп прокурор жолдасы.
Көмегімді аяғам жоқ, сені іштей қолдасам.
Шын көңілмен сенер дедім газетімді жолдасам.
Қалай ғана ойланады дедім мен
Жан ұшыра мына есікке елірген.
Шын өлетін жазықты жан болмасаң.
Айландырған өміріңді азапқа.
Әттеген-ай,
Өзің келіп түстің мына дозаққа,
Әр нәрсенің бар емес пе киесі.
Айландырма досым оны мазаққа.
Қателігін сын сағатта түсінген,
Бұл қорлықтан өткен азап, азап па!
Мойыдың-ау жолдасым,
Әлі талай күліп атар ақ таңың,
Жүрегіңде тек ізгілік сақтағын.
Қорқаулардың ойланатын жері бұл
Өз жазасы өзін келіп тапқанын.
Көрген сәтте, жарық күннің батқанын,
Атқан кезде арайланып ақ таңым.
Қайталаудан жалықпаймын тегі мен,
Сақта құдай, қара өліммнен сақтағын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу