30.05.2022
  88


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Киллер

Ащы уайым өртеп өткен өзекті,
Қан жорықтан оралып еді, кезекті –
Сұр телефон кетті кенет безілдеп,
Алып еді тұтқасын,
Ар жақтан бір дауыс шықты нық басым.
Ало, Киллер,
Тағы жаңа тапсырма,
Не тұрады сендей қорқау қасқырға!
Бұл қаланы билемекке ниет еткен егелеп,
Пайда бопты,
Ақшасы көп ебелек,
Енді оған қара жерді бастырма.
Өлтіресің не керек.!
Ажалына асыққан.
Сол бір тексіз жасықтан,
Жарқыным-ау, кем бе едің?!
Валютамен бағаланар еңбегің.
Бұл жалғанда менен артық сені ойлайтын жан болса,
ХА-ХА-ХА-ХА сенбегін
Жарқыным,
Кім кұмар дейсің өлуге,
Әуре болма іздеп оны сабылып,
«Періштесін» келеді екен көруге,
Әр күн сайын қара түнді жамылып.
Жемтігіңнің осал жерін таппасаң,
Оңтайланып жолын торып жатпасаң.
Әуре болма, дегеніңе жетпейсің
Қас жауыңа өлім бұлтын сеппейсің.
Аяушылық сезіміңді жүрегіңде сақтасаң,
Өз басыңа тіленеді өз оғың,
Білесің ғой бізге егер жақпасаң.
«Іске сәт» - деп ғайып болды зор дауыс.
Табиғаттың заңыменен санасып.
Күн де батып бара жатыр көкжиектен ары асып.
Арпалысып келе жатыр, бірін-бірі жеңе алмай,
Ақ пен қара таласып,
Ақ пен қара таласып.
Жиналды да бар қаруын асынып,
Снайперін салып алды бөлшектеп,
Шағын ғана қол сандыққа жасырып
Қанжығалап қайтпақ болып жемтігін,
Бара жатты асығып!
Нысаналы жерге жетті оңтайлы,
Мүлт жіберсе бәрінен де сол қайғы.
Торауылдап отыр қыздың ауласын,
Көз жазуға болмайды.
Снайпердің сүртіп алып дүрбісін.
Қайта-қайта қыз үйіне қарайды.
– «Көш ілгері екен жүрттан түрмысың,
– Дөкейсің-ау, зар қақсатқан талайды».
–Деп тістеніп ашуменен снайперін оқтады.
Көп өтпей-ақ,
Бір Мерседес аулаға кеп тоқтады.
Жемтігіңнен көзді жазып қалма деп,
Жарқырайды бағананың шоқтары.
Булығып ап қара дауыл ашуға,
Күш жігері арнасынан тасуда,
Бірақ-бірақ,
Жүрек кұрғыр дауламай тұр қайтерсің,
О, нәлет-ай шүріппені басуға.
Кенет, кенет,
Суықтан ба иықтары дірілдеп,
Үйден шығып келе жатыр, бір бойжеткен күлімдеп,
Тарс ұмытып сақтықты,
Күйеу жігіт қызға қарай аптықты.
Сезімдерін жиып тастап алысқан,
Бұталардың арасынан, алыстан.
Дүр сілкінтіп тыныштықты мүлгіген,
Атып салды,
Көздеп тұрып снайперлік дүрбіден.
Жалын жігіт, құлап барып, омақаса жығылды.
Қара түнек бүркей түсті аспанды,
Махабаты жаңа бүршік жарғанда
Ұмтылып еді арманға,
Қапияда қара жерді жастанды.
– Жан ұшыра айқайлаған бойжеткенді, бірақ-та,
Өлтіруге жасқанды.
Жасқан жоқ, аяды,
Аяушылық сезімі де баяғы.
Қарсыласын жіберді де мүрдемге,
Көзден таса ғайып болды бірдемде
Ақ пен қара арбасып,
Өтіп жатыр күндер-күнге жалғасып, жігіт отыр ойланып:
– Бір сезімге бағынып,
Бір адамды сағынып,
Қанат қағып көргенім жоқ арманға,
Жүрегімде от шашады бір ұшқын,
Қаншама рет білгім келіп тырыстым.
– Не болмайды-ау, жалғанда?!
Тәңірім-ау, бұл қалай,
Әлде кімге ғашық болып қалғам ба?!
Махаббаты жүрек отын жандырып,
Онсыз өмір қызық емес секілді,
Кете алмайды бірақ, әттең қаңғырып
Бойжеткенге бармақ болып бекінді.
Түн-түнекте салқында,
Сол баяғы қалпында,
Жарқырайды алаңқайдың оттары,
Асау сезім ерік бермей,
Өз көзімен келіп көрмей, - болмайды деп,
Зәулім үйдің алдына кеп тоқтады.
– Еске түсіп, өткен қызық шақтары,
Үнсіз түрған бақтағы,
Бойжеткенді көріп қалды сымбатты.
Жақын келіп, сөйлесуге ұмтылып,
Жанарына мұң тұнып, – нәзік қана үн қатты.
Қарындасым,
Төзіміңе тәнтімін,
Жарқ еткізген жанарыңның жарқылын,
Осыншама қайсарлықты бойыңа,
Қайдан ғана жиды екенсің жарқыным!
Қыз үн қатты ызғарлы –
– Бір ащы дерт жүрегімді өртеуде,
Сүйенішім бар еді бір өр кеуде,
Тірегім еді,
Алғырлықты қолдаған,
Әттең бірақ,
Жете алмады ол маған,
Осы аулада тап осындай кешкілік,
Атып кетті белгісіз бір оңбаған.
Аяздан да қатты батар ол маған.
Жігіт отыр түршігіп,
Қозғағысы келмей мына жұмбақты
Сынай қарап бойжеткенге үн қатты,
– Өлген-өлді тірі адамға тіршілік.
Серуен құрып қайтайық та, қарындас,
Не ұтасың қайғырғаннан күрсініп.
Қол бұлғаған сағымдай,
Мезгілінен жаңылмай, өтіп жатыр, өтіп жатыр, тіршілік!
Өзіңе айтар жұмбақ сырым бар еді,
Тыңдар болсаң құлшынып,
Қайта жанған арман ба әлде жастық шақтың күйі ме,?!
Пәк адамдай, қауышып,
Бар өнерін тауысып,
Жігіт қызды ертіп келді үйіне.
Қалай тұрар толғанбай,
О, Құдірет жаратқан,
Көз салғанда 12 қабаттан.
Бүкіл қала алақанға салғандай,
Әлі күнге таба алмаған бақытын,
Бұл не қылған сор маңдай?! - деп,
Бойжеткен үн қатты.
– Көркіңізде қызығарлық,
Тұлғаңыз да сымбатты.
Жүрегімді кеш те болса өртеген,
Неге маған жолықпадың ертеден.
Талай танды аттырдым ғой өзіңсіз
Бүгін міне, бақыт таптым мен сенен
Жоқ шатаспа - деді жігіт, – Жарқыным!
– Сенің сымбат келбетіңе,
Тең келетін жер бетінде жан бар десе сенбеймін,
Жүрегімді енді қалай емдеймін,
Жауаптың да бар емес пе сұрағы,
Мына өмір екі жолдан тұрады.
Бірі ақ жол ақ ниетке бастаған,
Екіншісін айтудан мен жасқанам.
Адамшылық қасиеті құлқынынан аспаған,
Өйткені мен сол жолменен өмірімді бастағам.
Ақша жеңген санасын.
Көңілімнің емдей алмай жарасын.
Шатастым ғой бағытымнан алданып.
Бүгін міне аңғардым
Маған тіпті қатысы жоқ жандардың,
Қанын судай шашқанымды жалданып,
Сол бір кезің кетпей қойды-ау ойымнан.
Бірақ менде албырт сезім жойылған.
Халық қамын ойламайтын,
Оған терең бойламайтын
Тек тас мүсін секілдімін ескерткішке қойылған.
Мен киллермін,
Түсіндіру қандай қиын ол жайлы,
Түсінбесең сол қайғы,
Түсінбесең сол қайғы,
Адам киллер болғанымен, киллер адам болмайды.
Есітіппең ол жайлы
Ғайып болған қалпында,
Қасіретті күндер қалды артыңда,
Арманыңа жолығарсың әлі-ақ алда іздеген.
Өтінемін үмітіңді үз менен.
– Нұрлы таңдай жаңа атып,
Жұртты аузына қаратып,
Келе жатқан жігітіңді өрт кеуде,
Мен өлтірген болатынмын өткенде!
Жалт қарады...
Қыз жігітке жеркене,
– «Кешпе, әлде ерте ме
Алдыңа кеп, жұртқа істеген қиянатың,
Өз ісіңнен өзің қатты ұялатын,
Кезді көрсем, сол мен үшін мәртебе!
Ақша жеңген санасын,
Аямаған адамзаттың баласын,
Сендей кәззәп, мешкейдің, сорақылық істерін,
Мейлі зорла, күштегін өле-өлгенше кешпеймін.
Беті ашылсын қанқүйлы қылмыстарың,
Қашан көрдің, есуас, өміріңде,
Қарға мен аққу құстың бірге ұшқанын.
Қорқауларға болған емес кешірім» - деп бойжеткен,
Тарс жапты да есігін, - лифтіменен түсіп кетті төменге.
О, Қүдірет жаратқан,
Сонау биік он екінші қабаттан
Махаббаттан жігер күші аспаған,
Сол биіктен өзін-өзі тастаған.
Жігіт жатты жер жастанып нар тұлға,
Қызға қарап, езу тартқан қалпында!
Р. S. Өнер тамған қолынан,
Талай жанды адастырған жолынан.
Алға қадам бастырмаған бір ісін,
Бұл өмірдің қара жолы құрысын.
Ақ ниет пен ақ даңғылға бастаған.
О, Махаббат, Ұлысың сен, ұлысың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу