Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  104


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бақыт

Бақыт гүлін ұсынған шақтарымды,
Білмеймін даттарымды, мақтарымды.
Саған деген сезімім тасқын болып,
Жүрегімнің түбінен ақтарылды.
Жанарыңнан айналдым еркелеген,
Сені аңсап, сезім сырын шерте берем.
Тап сендей өзге жандар, жанды баурап,
Тап сендей жүрегімді өртемеген.
Ұсынып қуанышпен көктем гүлін,
Жарқырап нұр төгіп тұр көкте күнім.
Бұлбұл құс құйқылжытып ән салады,
Паш еткендей, бақыт кеп жеткендігін
Өмірдің басып келем, белестерің
Сен мен үшін, бақыт құс емес пе едің?!
Жүрегіммен үндескен, сырлы сезім,
Сен маған періште боп елестедің.
Ерте есейтті, өмірдің кезі мені,
Сені ойласам, жүрегім езіледі.
Осы қонған бақытты баптамасам,
Қайтып қонбай кетердей сезіледі.
Отырмын,
Маза болмай қапаланып,
Махаббат мазақ етті, атамалық.
Шықпай-ақ қойдым-ау бір, сеніміңнен,
Сол ғана қабырғама батады анық.
Өткен өтті, несіне сезіктісің,
Адалдығымды, расында сезіпті ішің.
Шын бақытым, өзің боп кезікті шын.
Кезікті шын, несіне сезіктісің.
Көктесем, бір көктейін өзіңменен,
Жанымды тебірентші сөзіңменен.
Өзіңді ойлап түнімен көз ілмегем,
Көз ілмегем, бір болып өзіңменен.
Ұнатпасаң сен мені мойындағын,
Тек ізгілік байқаймын бойыңдағың.
Бақыт емес, жүрсің тек қайғы сыйлап,
Білмедім, не екенін ойыңдағың.
Өмір тұрар жақсы мен жамандықтан,
Жақсыға ұмтыл аулақ жүр жамандықтан.
Жарқыным қайда жүрсең жанымдасың,
Кездесейік қашанда амандықпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу