Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  113


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жай таппайды көңілім сенделемін...

Жай таппайды көңілім сенделемін,
«Сезім» атты дерттен мен, айтшы жаным,
Айтшы қалқам, қалай мен емделемін.
Жүрек тербер шаттық пен бар қызығым,
Қалып қойған секілді сенде менің.
О жүрегім, сен неге дүрсілдедің,
Кімге керек, мұңайып күрсінгенім.
О, тағдырым, қинаттың қажыттың да,
Бұл өмірдің қыр-сырын білсін дедің!
О, өмір, кейде тастап, шідеріңді,
Үздіргің келеді, әсте күдерімді.
Сен мені жеңе алмайсың әуре болма,
Жан... барда шыңдайтұғын жігерімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу