Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  163


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Үйлену мен үй болу

Жігіттер үйленіп жүр есеппенен,
Заман қандай, бір-бірін өсектеген.
Бай қызына жалынып ат мінгенше,
Жүргенім жақсы емес пе есекпенен.
Құдай берсе оңынан, сұрағанды,
Әрине алған жақсы ұнағанды.
Алған жарың өзіңнен биік тұрса,
Жоғалтарсың жігіттік правоңды.
Жорға мінген қайтейін мансабыңды,
Күндер өтсе арада қанша мұңды.
Тірлігін міндет етсе, амал қанша,
Өзгеге аударарсың аусарыңды.
Жігіт болсаң жалын бол жанып тұрған,
Мылжың болма жақсыны жалықтырған.
Алған жарың ақылсыз, тексіз болса,
Болмашыны бетіңе салық қылған.
Пешенеңде құдайдың құрағаны,
Еңбектенсең болады бір амалы.
Өзің малды болмасаң әкең де жат,
Мал-жаның бірте-бірте құралады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу