👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  31


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мен кеткенде сен қалдың мұңға батып

Мен кеткенде сен қалдың мұңға батып,
Байқағаным жүрегің жылап қалды.
Бір қайғыдан арыла алмай жатып,
Жүрегімді махаббат мұңға салды.
Кеттім ғой мен де қимай, жүрек жылап,
Өзіңмен өткен күндер келмес қайтып.
Қалдың ғой бір көргеннен маған ұнап,
Сезімді жеткізе алман сөзбен айтып.
Түсіме кірдің сәулем мұңайып бір,
Айтшы жаным жасырмай жүрек сырын.
Сөзіңнен қалып едім тыңайып бір,
Тыңдашы сенде сергіп кеңіл жырын.
Жалғыздық көп өтпей-ақ өтер әлі,
Қос жүрек бірігеді қуанышта.
Махаббат деп елірген жұрттың бәрі,
Бұл да бір біздер үшін жүбаныш па.
Жалғанда қуанышым езің бе едің,
Махаббатым жүректі үққаның ба.
Сені ойлап үзақ түндер кез ілмедім,
Расында сенімді ақтап шыққаның ба.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы