Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  92


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Уақыт өтіп жатыр білінбейді...

Уақыт өтіп жатыр білінбейді,
Таң атып, көкте күн де күлімдейді.
Ойлайтын кезге жеттің болашақты,
Жассың ғой, ойна да күл бүгін мейлі.
Адамдар қатігез боп мейірімге,
Өмірдің жойылыпты, сыйы мүлде.
Ойнақтаған от басар, батып кетпе,
«Тағдыр» – атты қатігез иірімге.
Жүрегім атқақтайды қимаймын деп,
Өзіңсіз бұл жалғанға сыймаймын деп.
Бақытты етем,
Уәде бергенім жоқ,
Аспаннан жұлдызды алып сыйлаймын деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу