Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  84


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бақытым менің, осы ғой қайта кезіккен...

Бақытым менің, осы ғой қайта кезіккен,
Жарқыным сірә, сезімімді мендей сезіппең?!
Өмірден мына жалықтым дейсің күрсініп,
Өмірдің қиын өткелдеріне төзіп пең?!
Аяймын дейсің, аясаң мені өстірмең,
Не қызық қалды өзіңмен өткен кештерден,
Аллаға шүкір сағанда, маған ес берген.
Мазаңды алсам күнімен түні не істер ең?
Аяймын дейсің, аясаң мені өстірмең.
Өңімде бөлек, түсімде жүрем өзіңмен,
Өзіңмен жүрем, нәр алып отты сөзіңнен,
Жас емеспін жүрегін алып жүгірген.
Өкіндіріп кеткен, сөзіңнен сенің түңілгем,
Көркіңе емес, көрікті қыздар жетерлік,
Адамгершілік қасиетіңе үңілгем.
Қос қайық үстап тұңғиық батып кеткендер,
Кеткендер көп қой, емірге өкініп өткендер,
Бәріне куә, созылып жатқан көк белдер.
Көктемдер куә, көк белдер куә, кек пен жер,
Қос қайық ұстап тұңғиық батып кетпеңдер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу