Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  132


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Көзімді жұмсам, келбетің келеді, елестеп...

Көзімді жұмсам, келбетің келеді, елестеп,
Райыңнан қайтып, қабырғаңмен кеңес деп.
Қолыңды ұсын достықты әрі жалғайық,
Өмірде жалғыз қайғырған өзің емес деп.
Көзімді жұмсам, өзіңді көрем өзгемен,
Азапқа мұндай, жүрегім сірә төзбеген.
Ерітіп жанды, алдайсың жылы сөзбенен,
Арманың басқа, сияқты сенің көздеген.
Құдайым неге жаратты мені ақын ғып,
Жаратты неге сезімге өте жақын ғып.
Сүю үшін де керек қой сірә батылдық,
Батылдық керек жарату үшін, ақын ғып.
Көзімді жұмсам қайғырып тұрар келбетің,
Өзіңсіз жаным көремін қалай ел бетін.
Махаббат деген басыңа сенің келмесін,
Келмесін дей бер, кету қиын келгесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу