Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  134


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сен күн болсаң........

Сен күн болсаң,
Мен жауын себелеген,
Себелеген өзіңді егелеген.
Сен бұлт болсаң,
Мен бұршақ төбелеген,
Сұрамайсың бұл жайлы неге менен?
Сен ай болсаң,
Мен жұлдыз сенбейтұғын.
Сенбейтұғын азапқа көнбейтұғын.
Сен кел болсаң, мен құрақ, жаныңдағы,
Кәусарыңа қансам да, шөлдейтұғын.
Сен гүл болсаң,
Мен жермін нәр алатын,
Нәр алатын сұлу боп жаралатын.
Сен күй болсаң,
Мен қобыз, мұңын шертер,
Шартарапқа әуен боп таралатын.
Сен көкжиек,
Мен сағым елестеген,
Елестеген, еш құдірет теңеспеген.
Еңілік болсаң,
Кебекпін құрбан болған,
Тіс жарып еш бір жанмен кеңеспеген.
Сен аспансың,
Мен жермін астасатын.
Астасатын
Түбінде бас қосатын
Мен тау болсам,
Сен бұлт оралатын,
Құдайым, кезге жеткіз бас қосатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу