Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір-ай, неге жүрмін мен сонша қайғырып...

Өмір-ай, неге жүрмін мен сонша қайғырып,
Мұңымды менің тыңдайды түнде Ай күліп.
Аңдаусыз сәтте алдымнан шығып, азаптап,
Өтесің үнсіз, жүзіңді менен тайдырып.
Ұғынғым кеп еді, өзіңді бірақ ұқпадым,
Сенгенім сен ең, сенімімді ақтап шықпадың.
Тұрақсыз, тексіз махаббат үшің жарқыным,
Намыстың туын жықпадым.
Қыз жібек болсаң, Төлеген едім айбынды,
Бекежан болып, үдетті жұрттар қайғымды.
Телеген елді, ал мені еттің тірі елік,
Қаладым қалқам, махаббаты жоқ жай күнді.
Өзгесің жұрттан, езіңдей адам туылмас,
Ұнатқан жүрек емірде сірә, суымас.
Жүзіңнен әрің, басыңнан бағың шайқалса,
Желекпе жастың, жаныңа бірі жуымас.
Бақыттымын деп, кезінде бекер тасыппын,
Ауыртып жанды, жарқыным, әбден жасыттың.
Өзімді ойлап жүргендігім емес, езіңе,
Ашиды жаным, сол үшін саған ғашықпын.
Қашанда шыққай, өмірде мына, жақсы атың,
Керек етпессің емірдің сірә басқа атын.
Өзгенің мұңын мұңдаудан тегі шаршадым,
Өзіңмен бірге бақытты болу мақсатым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу