Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  96


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сүйіктіге

Сен де таудың гүлісің,
Менде таудың ұлымын.
Сен арусың,
Желбіреткен тұлымын.
Ал мен бидай,
Жалғыз өскен арасына сұлының.
Мен де, сен де,
Махаббаттың құлымыз.
Екеуміз де бидай өңді болсақ та,
Дей алмаймыз – сұлымыз.
Кешірмесең қатемді,
Қане сенің сүйгенің, ұнатқаның.
Соншалықты не төнді,
Болмайды ғой қыздарды жылатқаным.
Сырласпадық не жөнді,
Кінә тағып өзіме, бұлғақтадың.
Сырыңды түсініп жүр, бұл жақта кім,
Бақыт құсын ұшырып, көңілімнен,
Келмейді қолды босқа бұлғап қалғым.
Ойлаймын мен өзіңді,
Тауға тұман түскенде.
Жүректегі сезімді,
Жоя алмайсың күшпен де.
Жара салып, жүрекке, ынтықтырып сезімге,
Үмітіңді жалғаған, не жетеді төзімге.
Өзге жандар ұнатса менен артық,
Керегі не басыңа бейнет артып,
Бақытты бол-дер едім, күліп тұрып.
Сезбейсің ғой, бірақта,
Бір адамға тұрақта.
Адам болшы, бақытын дұрыс таңдар,
Сені мендей сүймейді өзге жандар.
Тау жүректі жанмын ғой,
Құшағыма барлығы сыйып жүрген.
Көкке ұмтылған қырандай, биік жүрген,
Кейде тасып, кейде от боп күйіп жүрген.
Жігіттердің, шынында арманы жоқ,
Сендей сұлу аруды сүйіп жүрген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу