Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  93


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Керегі не бақытты қайғыға орап

«Тойға неге келмедің?» – дейсің күліп,
Ішімде өрт сезімім алаулаған.
Буынсыз жерге тұрсың пышақ ұрып,
Барар ем берілсе егер, қалау маған.
Өзіңді ұмытсам да жүрек қимай,
Елесің мазалайды жабыққанда.
Аласұрған сезімім ішке симай,
Көз ілмей шығам кейде, жарық таңға.
Сендердің бақытыңа менің қайғым,
Жөні жоқ керегі не, ортақтасып.
Түсінші әуселесін мына жайдың,
Онсыз да жүргенім жоқ көңлім тасып.
Бұл тағдыр неге саған кезіктірді,
Қайғы тұнған жүрекке жара салып.
Неге ғашық сезімді тез ұқтырды,
Сөз айттым асыққандай бара салып.
Ал қазір сол бір кездер бұл-бұл ұшты,
Мен қалдым, қалың қайғы тұмшаланып.
Көтер деп сол қайғыны болсаң күшті,
Жүрсің бе елесіңді жұмсап алып.
Өзіңді шамам жетпей ұмытуға,
Жүрмін ғой, еске түссе жаным күйіп.
Кетпейді өзіңсіз де салым суға,
Өтінбеймін өзіңе басымды иіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу