Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  106


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Үнсіз қоштасу

Жан едің ізгілік бар жүрегінде,
Білмедім ғой, сен ұшып кеткеніңді.
Өзіңсіз енді өмір сүремін де,
Қалар ем бақытыңа жеткеніңді.
Күздің бір қайғы тұнған мұң кешінде,
Жеткізіп мені үйге салып едің.
Өзіңмен бақыт жайлы үндесуге,
Шама келмей қол бұлғап қалып едім.
Сол кеткеннен, сен қайтып оралмадың,
Үнсіз ғана қоштасып кеттің үнсіз.
Осы емес пе өзіңнен айрылғаным,
Жан едің ғой мен үшін ешбір мінсіз.
Сол кездер енді бүгін арман болған,
Дал болам еске түссе сол бір шақтар.
Не қалды, енді міне келер қолдан,
Ғашықтық сезімімді ішке сақтар.
Кетсең де басқа жанмен ұмытпаған,
Өзіңді ұнатқаным қалсын мәңгі.
Санаңа бөтен ойды жуытпағын,
Түсіне біл өзіңе жазған әнді.
Қайтемін тағдырыма разы болмай,
Маңдайға жазған тірлік осы шығар.
Қыздар, қалай қыз болар назы болмай,
Жігіттер қайда екен осыны ұғар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу