Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  104


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жолдас қызға

Оны аңсап қан жылаған жүрегім,
Қиналғанда сүйеу болған тек өзіңсің, тірегім.
Жаны сұлу қазақ қызы деп сені,
Әрқашанда есіме алып жүремін.
Жалғыз өзің жүрегімді түсінген,
Жақсылығың көрініп тұр ісіңнен.
Ешқашанда қосыла алман мен оған,
Тек жақсылық көрдім жалған түсімнен.
Бір өзіңді шын қалады көңілім,
Жалғай түссін өміріңді – өмірің.
Әрбір жанға бақыт тілеп жүре бер,
Кешірерсің асыл құрбым сөзімді,
қатты кетсем, елең қуып тым егер,
Қалаудың да түрлері кеп жан құрбым.
Сүю емес,
Дос ретінде бірінші боп сен тұрдың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу