Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  105


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Күтпеген кездесу

Қаяу салып көңілге жүрсің күліп,
Жан қайғымды түрса да ішің біліп.
Сен кеткелі өзгемен қол ұстасып,
Жүрегімде қалды ғой қайғы тұнып.
Тек өзің деп ойлаушы ем бақыт құсым,
Ал бүгін сен өзгемен бақыттысың.
Өзіңе шын жүректен тілерім сол
Ұшырып алмағайсың бақыт құсын.
Ұнатамын сезімді жыр еткенді,
Сені көрсем жүрегім дір еткенді.
О, махаббат тәңірі жебе қадап,
Ауыртпашы өтінем жүректі енді.
Жүрегімді жазықсыз жараладың,
Келмейді оны қайтадан жаралағым.
Бірақ – бірақ сен менің қолымды алып,
Кешірім өтінуге жарамадың.
Әуре болған екем ғой сонау баста,
Сені ұнаттым не қалды одан басқа.
Өзің жағып кеткен бір ғашық оты,
Серт еткендей жүректен тарамасқа.
Қуанышпен әрдайым атып таңың,
Биігінде бақыттың қалықтағын.
Өзіңе арнап айтарым шын жүректен,
Үстем болсын мерейің, жанып бағың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу