Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  173


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мөлдіреген көздерің...

Мөлдіреген көздерің,
Жанға жылы тиеді.
Сыңғырлаған сөзіңді,
Шын көңілім сүйеді.
Көру үшін өзіңді,
Сан рет бардым алдыңа.
Неге келе береді деп,
Сен ұнатпай қалдың ба?
Жүрегімде бір арман,
Ғашықтықтан құралған.
Кешір мені сүйіктім,
Сені көрмей тұра алман.
Мөлдіреген көзіңде,
Бір жұмбақ сыр бар шығар?
Менсіз өткен әр күнің,
Сен үшін, әттең, тар шығар?
Қою қара шаштарың,
Шашағындай қайыңның.
Келіссең егер сөзіме,
Күтуге сені дайынмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу