Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  136


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қызғалдағым

Қызғалдағым шыңдағы биікпісің,
Мына жүрек өзіңді сүйіпті шын.
Қызғалдаққа жетем деп биіктегі,
Мына жүрек ұмтылар жиып күшін.
Армандаумен өтіпті-ау талай ғашық,
Ойындағы қол жетпес сүйіктісін.
Басып өттік жастықтың қия белін,
Бар асылды өзіңе қияр едім.
Осынау тұрлауы жоқ тұл өмірге,
Өзіңсіз қалай жаным сияр едім.
Қол жетпесін сезгендей сезім шіркін,
Үмітімді үзбеймін, ол да бір сын.
Сағымдай көк жиектен қол бұлғаған,
Кетерсің-ау ғайып боп сен де бір күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу