Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  80


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Аңсау

Сол бір кезден өзіңе ғашық едім,
Ғашық едім, мен үшін асыл едің.
Жанарым жанарыңмен тоғысқанда,
Ғашықтық тартушы ем қасіретін.
Бас иіп махабаттың тәңіріне,
Сыр шерттім сезім жайлы тағы міне.
Өзіңді аңсауменен өтер ме екем,
Тағдырдың көнгендеймін әміріне.
Жүрсің ғой күндей күліп ғарыштағы,
Өзіңмен көп күн өтті табысқалы.
Қол созумен келемін, жетем-ау деп,
Мұнартқан сол сағымға алыстағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу