Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  50


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сен келмейсің енді біздің ауылға

Сен келмейсің енді біздің ауылға,
Келгенменен баяғыдай болмайды.
Жүзін жуған нөсерлеткен жауынға,
Сен келмейсің маған әттең сол қайғы.
Жаңбыр жаусын, мейлі боран борасын,
Енді қайтып келмейсің ғой, келмейсің.
Деп жүргенде, қашан мендік боласың,
Әттең бірақ, сүйгеніме сенбейсің.
Сен де өмір гүлісің ғой жайнаған,
Бақытты бол қызық өмір сүр деймін.
Бұл жалғанға келмейсің сен қайтадан,
Бұл өмірде мен де екі рет жүрмеймін.
Ойлағаным сірә менің болмады,
Бақыт тілеп ұшырайын қолымнан.
Сүйгенімді ұмытпасаң болғаны,
Ақ періште жарылқасын жолыңнан.
1996 жыл.
Сенбейсің әттең, ұнатам десем бірақта,
Аңсаймын сені жүрсем де шалғай, жырақта.
Жауабын хаппай сенделдім, әбден сенделдім,
Көкейде жатқан сан қилы. қиын сұраққа.
Ұнатам десем, қарындас-қандас боласың,
Содан соң бізге махаббат қалай жоласык
Жыласам ба екен, егіліп қатты, егіліп,
Құшақтап жатып Қозы мен Баян моласын.
Қайтейін енді жүректе әбден езілді,
Келмейді қолдан доғарып тастау сезімді.
Албырттық дейін балауса жастық сезімді,
Құдайым берсін бірақ та бізге төзімді.
Томағай тұйық жүруші ем тұман түнекте,
Ғашықтық сезің қуаныш екті жүрекке.
Кездескен күні езіңмен алғаш танысып,
Бір нәзік сезім ұялап қапты жүрекге.
Жек керіп кетсін, ұнатып қалсын ол мейлі,
Сезімге бірақ шек қою қолдан келмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу