Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  120


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мен өзіңді түсінемін сүйіктім...

Мен өзіңді түсінемін сүйіктім,
Қақталсам да бар отына күйіктің.
Ұнатқаным мені ұнатпай кетсе де,
Мен ол жанды бір көргеннен сүйіппін.
Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе,
Риза болдым, сөйлегенде сөзіңе.
Бақыттымын деп санаушы ем өзімді,
Қарап тұрып күлімдеген көзіңе.
Үмітімді алаулаған сөндірдің,
Ұмытуға мені өзіңді көндірдің.
«Ұнатамын» -деп айтудың орнына,
Қисыны жоқ жауаптарды төндірдің.
Көп күн жүрдім түсінер деп өзіңді,
Елемедің достық жайлы сөзімді.
Жаздым міне ең ақырғы сөзімді,
Жиып тастап шыдамдылық пен төзімді.
Махаббатым сенде менің мәңгілік,
Атар әлі талай-талай таң күліп.
Ақындығым рас болса егер де,
Өтем сені өмір бойы ән қылып.
Көңілімді туман басып,
Жол іздедім мына фәни жалғаннан,
Қайғы бұлты жаныңды жеп тұрғанда.
Өз-өзіңмен сырһасып,
Артығы жоқ, тьіныштықта, жалғыз-жарым қалғаннан,
Қол жетпейтін арманым тек өзіңсің деп ғашығым.
Талай түндер,
Тау суындай тасыдым,
Енді міне кең дүниеге сыймай жүр.
Жоғалтқандай,
Сорлы жүрек қол жетпейтін асылын.
Кей кездерде отырамын,
Ұзақ түндер ойланып,
Қайғы-дерттің шырмауына байланып.
Сенің нұрлы шұғылаң мен Ақ пейілді дидарың.
Көз алдымда елестейді,
Қайта-қайта айналып.
Түсіме де жиі-жиі кіресің,
Қашан көрсем күлім қағып жүресің.
Керегі не бәрін айтып жатудың,
Оқығандай Мұхамедтің сүресін.
Менің үнсіз жүрегімді түсін мейлі түсінбе,
Бірақ сенімен жүр екемін түсімде.
Тек екеуміз отырыппыз сырласып,
Махаббаттың ғашық отын жырласып.
Түсінбедім әлде өзің,
Көңіліңе бір нәрсені түйдің бе.
Қош айтысып соңғы рет сүйдің де,
Бұрылдың да, ұзап барып жоқ болдың.
Ал мен қалдым мең-зең болып,
Күйіндім де, күйдім де.
Шыныңды айтшы Алтыным,
Түсімде сен шыныменен сүйдің бе?
Сол мен көрген ғажап түс.
Жалған болсын ол мейлі,
Сені аяулым еш қашан.
Мазалағым келмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу