Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  103


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мен сені ойлай берем

Мен сені ойлай берем, ойлай берем,
Сырына, сыр сезімнің тоймай келем,
Мені де көп адамдар ойлайды екен.
Сыр сезім, сезінуін қоймайды екен,
Мен сені ойлай берем, ойлай берем.
Мен сені сағынамын, сағынамын,
Сені аңсаған сезімге бағынамын,
Сарғайып сағыныштан сабыламын.
Жолың болмай жүрсе егер бұл өмірде,
Қиналғанда қасыңнан табыламын.
Мен сені сүйіп өтем, сүйіп өтем,
Ғашық болу шынында қиын екен,
Бұл да бір тағдырымның сыйы ма екен.
Аңсаған ақ арманым биік екен,
Мен сені сүйіп өтем, сүйіп өтем!
Биігі алыс еді арманымның,
Армансыз бұл өмірдің мәні мәлім.
Таразысы тең келді талғамымның,
Е, Қудай бақытты ет деп жалынамын.
Қырандай қанат жайып ұмтыламын,
Бақ іздеп биік шыңның асқарынан.
Өрт сезімім ішімде тұншығамын,
Е, Құдай бақытты ет деп жалбарынам.
Көрікті көркіңе сай парасатың,
Ақ арманың, алысқа алып ұшқан.
Еске алсам наз бейнеңді жарасатын,
Өртеніп кетердеймін сағыныштан.\
Қаншама жыл өтіпті, білінбейді,
Арманымды шарқ ұрып іздегелі.
Неге сонша жүрегім дірілдейді,
Бақыт күтіп тұрған ба күзде мені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу