Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  85


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сезімім сен

Мәңгілік бір сезімнің жетегінде,
Ілесіп сол сезіммен кетемін бе?
Сол сезімді жаңғыртып жүре берсем,
Кім біледі бақытқа жетемін бе?
Суындай тұнық бұлақтың,
Жүректі неге жылаттың.
Бір көрген кезде ғашық боп,
Жаным-ау, сені ұнаттым.
Әлде мүмкін бақытқа жете алмаспын,
Бір сезімнен ауытқып кете алмаспын.
Сол сезім мені еріксіз байлап қойса,
Өзіңнен басқа жанға бет алмаспын.
Сені ұнатсам айыптап жазғырмағын,
Елеме сен жандардың азғырғанын.
Бұл өлеңді өзіңе ғашық болған,
Ақ пейіл Жүрегіме жаздырғамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу