Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  80


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Махаббат туралы

Махаббатым,
Бұл менің нәзіктігім,
Демессің бұл өлеңді жазыпты кім.
Сүйме баста,
Ал сүйсең айрылмағын,
Айрылғаным үшін де, жазықтымын.
Жазықтымын бәріне көнгеніме,
Жүретін болсамшы ғой жөнге міне.
Қара бұлттың тағы да төнгені ме,
Жаңа жанған өрт сезім сөнгені ме.
Жоқ! Сезімім сөнбейді, сезінеді,
Тыныш қоймас жастықтың кезі мені.
Тағдыр маған қашанғы қол сілтесін,
Мені де, түсінер жан кезігеді.
Махаббатым,
Сүйрелеп жүр, мені әлі тастамады.
Не бір үлы сезімге бастамады.
Аяғы өкінішке соқтығысып,
Мөлдір көзден моншақтап жас тамады.
Мені теліп әр жанның жүрегіне,
Бұл махаббат айналды тірегіме.
Басымды иген болар ем Махаббатқа,
Бір сұлу оралса кеп білегіме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу