Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  93


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ана туралы

Анашым өзің деп мен ән бастаймын,
Алдыңа ән мен өлең, жыр тастаймын.
Өмірдің бар қызығын саған берсін,
Бақытты болғын анам мен қоштаймын.
Анашым сағынамын бір өзіңді,
Шет жүрсем есіме алам әр сөзіңді.
Өзіңді есіме алсам сағынамын,
Анашым адал жансың пәк сезімді.
Анашым сағынамын, табынамын,
Ұлыңнан қартаймайтын бақыт алғын.
Ана жан бізбен бірге мәңгі өмір сүр,
Дүние, тоқтамайтын тасқын ағын.
Жас кезіңнен асырап аялаған,
Сағынышым, қамқоршым аяулы анам.
Өмір бойы өзіңді ұмытпаспын,
Сая жайлы, пана болған саялы анам.
Баласын тастағандар адам емес,
Анасын ұмытқан жан, бала емес.
Анаңды, аяулыңды қадірлеп ет,
Есіңде болсын қашан осы сездер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу