Аңыздар ✍️

  30.05.2022
  100


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Аруағыңнан айналдым

Аруағыңнан айналайын атам менің,
Жаңа таң боп қайтадан атар ма едің.
Жақсы көрдің немерем деп, сен мені,
Немереңнің ез еңбегін татар ма едің.
Ол кезде мен жас едім, жасым бесте,
Сол кездегі өмірдің бәрі есте.
Жыр-өлең қып жазсам ба дегеймін мен,
Бір зар мұңның қалғаны өшпей есте.
Мен сонда өзімді-өзім біле алмадым,
Суықта өзімді ұстап жүре алмадым.
Дертіне шалдықтым бір аурудың,
Жазылу болды менің бір арманым.
«Құлыным, келші» -деді атам маған,
Жүрегіңді тебірентер жақсы адам.
Құшағына қысып мені жылады кеп,
«Жүз жаса, батамды бердім саған».
Аурудан айығып аман-есен,
Көремін деп атамды үйге келсем.
Көп адамдар жиналып, опыр-топыр,
Атамның алаулаған оты сөнген.
Кіре салып атамның орнын көрдім,
Қайда дедім кереует тұрған төрдің.
Сағындым ғой көп болды мен атамды,
Мейірім тұнған жанарын келді көргім.
Алдамақшы болды мені үйдегілер,
Қыдырып кетті атаң, ертең келер.
Жоқ - дедім, бұлай болуы мүмкін емес,
Көз алдыма ыстық жас келді, төгер.
Қош бол атам, қош бол дедім ішімнен,
Танып еді барлық адам ісінен.
Мәңгі оралмас жолға аттанып кетсең де,
Шықпашы атам, ешқашанда түсімнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу