Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  67


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір туралы

Көрінеді өмір ұзақ алыстан,
Келе жатыр еш тоқтамай шабыстан.
Ол – асау тұлпар, бас бермес,
Мәнін ұғар қатар шауып, жарысқан.
Өмір деген болашағың алдағы,
Кей адамды мүлт жіберіп алады.
Мұқағали, Сәкен, тіпті Абай да,
Дүниеде мәңгі тірі қалмады.
Өзіңе айтам, құрбым тыңда әлі де,
Шынайы еңбек бұл өмірдің нәрі де.
Келер күнін ойлап жүрер әр қашан,
Біз түгілі, жолға аттанар кәрі де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу