Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  94


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Таңғажайып түс

Аспан ашық, алтын күн тұр жарқырап,
Ал тегісте бидай шіркін толқиды.
Мен жатырмын сол бидайдың ішінде,
Сағым қуып, қыдыратын қол тиді.
Дала сұлу, ал табиғат керемет,
Зеңгір көкте бозторғайлар сайраған.
Жан-жануар масаттанып, көк қуып,
Ал адамдар шалғыларын қайраған.
Қалың өскен ақ бидайды қақ жарып,
Коррадо мен жұбайы Эльза келеді.
Көк айдында бірге жүзген аққудай,
Бұл жандарға тыныштық қой керегі.
Жаулары көп жанын алып кетуге,
Айналшықтап бұны торып жүретін.
Ақылменен тірлік етіп қашанда,
Жан сақтап жүр тауып кетіп ретін.
Бірін-бірі жаңа көрген ғашықтай,
Әлдене деп сыбырласып күледі.
Ап Коррадо сезіктене қарайды,
Сезгіш жүрек бір нәрсені біледі.
Бір көлікпен жетіп келді екі адам,
Қайдан келді, жел әкелген құйындай.
Үстері қара, жылтырақ плащ киінген,
Көлігі жаңа, тап сыйға тартар бұйымдай.
Автомат үні естілді құлақ тұндырған,
Жұбайы Эльза қан құсып құлап барады.
Жоқ болды әлгі жауыздар ісін тындырған,
Коррадо байғұс Эльзаға жылай қарады.
Жел тұрып қатты, бидайлар тұрды иіліп,
Коррадо үшін Эльза кетті қиылып.
Жыларын білмей, құларын білмей,
Коррадо тұрды мәңгіріп.
Жанындай сүйеді жұбайың сені,
Деп тұрды дала жаңғырып.
Әп-сәтте ажал Эльзаны алды,
Келесі сәтте мені алар.
Адамнан өткен тас жүрек барма?
Мен өлсем жылап кім қалар,
Кімім бар менің сүйенетін.
Құдайдан басқа ендігі,
Қуыстай болды-ау мен үшін әттең.
Дарқандай дала кеңдігі,
Өкініш кернеп, қайғыға батып.
Өкіре жылап құлады,
Сабалап жерді шөптерді жұлып.
Күйіктен ұзақ жылады,
Өліктің иісін сезгендей біліп.
Құзғындар қапты жиылып,
Сендермен болсын дегендей ісім.
Коррадо тұрды, тістеніп қатты,
Көзінің жасы тиылып.
Оянып кетсем, таң атып қапты,
Күн күліп маған қарайды.
Коррадо кірді түсіме дедім,
Тәнті бір еткен талайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу