Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  70


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Басу айту

Жан ананың құшағына,
Орануға не жетсін.
Жарқыным-ау өлуге сен,
Не себепті өжетсің.
Ор қояндай анасынан айрылған,
Сен панасыз көжексің.
Жоқ жарқыным, қателеспе,
Ендігі үміт, ендігі өмір өзіңде.
Мына қыңыр жалғанда,
Көк тәңірі қуат берсін төзімге.
Бұл дүниеде мәңгі жасар адам жоқ,
Ойна да күл жастық шақтың кезінде.
Арманыңның қиялымен самғай ұш,
Ерік беріп сезімге,
Міндеттісің бұл өмірдің бейнетіне төзуге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу