Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  117


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

О, табиғат ұлысың сен, ұлысың

Бастасам мен табиғат деп сөзімді,
Ұл болғаным, табиғаттай төзімді.
Табиғаттан ұлымын деп айта алман,
Сол табиғат адам еткен өзімді.
Құдіретім «Құдай десем», аспадым,
Жер сілкінсе быт-шыт болар тас тамың*.
Табиғатқа шек келтіріп жүргендер,
Обалына оранғандар басқаның.
О, табиғат ұлысың сен, ұлысың!
Ал адамдар, сендер құдай құлысың.
Талай жылдар қорлық көрген қазақтың,
Көрейікші, көрейікші,
Тәй-тәй басып, ерікті ел боп тұрсын.
Дарқан елдің тыныштығын қалаймын,
Құрбан болған, асыл ерлер,
Асыл ерлер, бақыты үшін талайдың.
Табиғаттың ұлы күшін, әлде бір,
Тәңірімнің құдіретіне балаймын.
Құдайдың қуған жұмақтан адам баласын,
Қабылдап алған не деген дархан даласың
Жер сілкінді, тастай болып тұрған дүние,
Дөңгеленген, салмақсыз ғана,
Құдайдың добы екен ғой, деп қаласың.
Добыңды мәңгі жылжыта көрме құдайым!
Жазаның түрін қолдан, мейлі шыдайын.
Күнменен күліп, бұлтпенен көкте түйіліп,
Керек десең, жаңбыр да болып жылайын.
Ашушаң буқа булқынбай тыныш жата ғой.
Тыныштық дәмін, Тыныштық дәмін тата ғой.
Тыныштықты қай адам аңсап өтпеген,
Басыңды жаулап алыпты сенің қатал ой.
Тыныштық болсын тілегенім жалғыз сол,
Тыныштықты сақтайын да, жалғыз жол
Барлық елдің басшылары бірігіп,
Бүкіл елдің халықтары тату бол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу