Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  220


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мен кіммін...

Мен кіммін,
Кіммін өзі білмеймін,
Жұрт сияқты ашылып бір күлмеймін.
Кей-кездері қарауытқан түндеймін
Кей-кездері жарқыраған күндеймін.
Мен қандаймын,
Өзімді-өзім білмеймін,
Кейбіреуге қол жетпейтін асылмын,
Кейбіреуге лағып жүрген масылмын.
Түсінгенге өрт жүректі жасынмын,
Ізгілікке, ұлылыққа бас ұрдым.
Жетегінде мұңға батқан сезімнің,
Ес білгелі еңсем түсіп езілдім.
Берік ұстап тізгінінен төзімнің,
Қайғы-мұңға тұмшаланған кезім мың.
Барлығынан күдер үзіп кетсем де,
Жетегінде кете берем сезімнің.
Мен адаммын,
Ештеңе жоқ мәңгілік,
Адам деген жаңғырық.
Шағылысып алдыңдағы жартасқа,
Кетеді екен қаңғырып.
О, тәңірім,
Жаратпадың неге адамды мәңгі қып,
О жалған-ай қайтейін,
Алабұртқан көңілім.
Мастанғаным емес пе,
Қысқа десем өмірім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу