Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  115


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір талабы немесе тағдыр таразысы

Абай ата, ризамын!
Әділдіктен аспаған.
Әділдіктің ақ жолында шалыс қия баспаған,
Болсын мейлі сенің әкең бас панаң.
Болсын ұлық, болсын сұлтан,
Тек билік пен үстемдікке бастаған.
Абай ата!
Мен әкеңнің әруағынан жасқанам,
Ел қорғаны,
Сендей ақын қазақта әлі тумаған.
Баса алмаған,
Өрекпіген ақ сезімін тулаған.
Сол әкеден туып тұрып,
Ата жолын қумаған.
Дегендей-ақ,
Сендей ақын қазақта әлі тумаған,
Соз еткендер!
Сірә оңбас, Құнанбайға мін артып,
Құнекеңнің билігіне,
Отырғам жоқ құмартып.
Сол Құнанбай,
Шыңы болса, Шыңғыстың,
Ал ер Абай,
Сол шыңдағы шынар түп.
Көрінбеген әке менен бала арасы мұнартып.
Ұмытпағам!
Оразбайдың кегін де Өр Абайдың ұлылығы тегін бе?!
Абай кімнен жаратылған, ұғыңдар,
Текті адамның тектілігі, тегінде.
Қазіргі өмір,
Қазіргі өлең, жыр басқа
Пірім де өзің, жырым да өзің, сырлас та
Басқа ақынның,
Бәрі бір топ болғанда Абай ата,
Сенің орның бір басқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу