Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  132


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жастық шақ

Сол бір шақтар әлі менің есімде,
Жүруші едік сайран салып.
Таудың әсем кешінде,
Айлы түнде тілек айтып.
Ағып өткен жұлдызға,
Жүргеніміз әлі күнге есімде.
От жағушы ек алаулатып,
Қара түнді қақ жарып.
Кетті ме екен сонда бізге,
Бақ дарып.
Керегі не өзімізден сыр бүгіп,
Жазған жақсы сол күндерді,
Өлең қылып, жыр қылып.
Тілек айтқан, ағып өткен жұлдызға,
Ақталды ғой армандағы нұрлы үміт.
Ерік беріп, қанат жайған арманға,
Сол кездерді сағынамын,
Жалғыз-жарым қалғанда.
Тау қызғалдақ ұсынар деп ойлаймын,
Екі бауыр қол ұстасып барғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу