Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  101


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мектебім

Аяулы да ардақты да мектебім,
Саған айтар алғыстарым көп менің.
Ұстаздардың ардақтаймын білімін,
Сол білімді шәкіртіне төккенін.
Білім берген алты жастан мектебім,
Біліміңнен білім алып көктедім.
Өнер, білім үйренемін өзіңнен,
Білмейтінім сен білгенді көп менің
Апты жастан шәкіртің боп келемін,
Ақындықты аңсайды жас өренің.
Біліміңді, өнеріңді аяма,
Он жыл бойы жетегіңде еремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу