Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  306


Автор: Бекен Әбдіразақов

Бір түйір нан

Тындырғандай зор істі,
Шыға салып мектептен,
Нанды соқтық жол үсті,
Жата қалып етпеттен.
Бір уақытта Тойғанбай:
– Тойдым, қойдым,-деді де,
Жарты нанды ойланбай
Тастай салды еріне.
– Обалы бар,- деп едім,
Әжем сөзін еске алып.
– Жетпей тұрса жегенің,
Жеп қой,- деді,- месқарын!
Не болғанын білмедім,
Қона кеттім үстіне.
Өзін біраз жүндедім,
Қайдан алдым күшті мен?!
Ентігімді басқанда:
–Көтер,- дедім,– наныңды!
Қиын екен сасқанда:
– Енді ұрма,- деп жалынды.
Әжем:
«Нанды қорлаған,
Барып тұрған оңбаған»,–
Деген сөзі есімде,
Күш берген де сол маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу