Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  72


Автор: Бекен Әбдіразақов

Төбеде

– Шаңғы тепкің келе ме,–
Деп қамқорсып Тұрысбек,
Ертіп келді төбеге,
Құптады анам дұрыс деп.
Тұрысбек тұр төбеде,
Қос таяқпен қомданып,
Мені қызық көре ме,
Күледі демін зорға алып.
Жығылсам да қаншама,
Қызығына тоймадым.
Күлетіндей соншама,
Не болды деп ойладым.
Бір мезетте Тұрысбек
Ұшатындай оқтала
Ұмтылды да... бұрыс кеп,
Қойып кетті оппаға.
Сүрінбейтін жоқ па адам,
Сондай қатты аядым.
Аршып алыи оппадан,
Тауып бердім таяғын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу