Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  93


Автор: Бекен Әбдіразақов

Мәдинаштың інісі

Ақ мақтадай қолдарын,
Ербеңдетіп ойнайды,
Ұстап-ұстап ол бәрін,
Білгісі кеп қоймайды.
Көзің түссе көзіне,
Жымың-жымың күледі.
Мәдинашсыз өзі де,
Мамасын да біледі.
Тербеткенде бесігін,
Қалғып-қалғып алады.
Асқар деген есімін
Айтсаң,
қарап қалады.
Айжанды да таниды,
Мәдинаштың інісі.
Асқар атты сәбиді,
Әлпештейді үй-іші.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу