30.05.2022
  119


Автор: Бекен Әбдіразақов

Үлкен қонақ

Әжесімен қыдырып,
Айжан барды ауылға.
Бәрі шықты жүгіріп,
Алыс,
Жақын бауыр да.
«Үлкен қонақ» келді,- деп,
Сүйіп жатыр бетінен.
Құрақ ұшқан елбіреп,
Бауырмал жан шетінен.
Әлі бала болса да,
«Үлкен қонақ келді» деп,
Неге бәрі соншама,
Сыйлады екеп елжіреп?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу