Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  90


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жаңа жыл жыры

Ақ киімді,
Ақ тиінді
Орман қандай тамаша!
Аққалалар
Ақ далада
Қол бұлғайды балаша.
Көп қояндар,
Көп нояндар
Секектейді мәз болып.
Ала қарға
Балаларға
Көрінеді қаз болып.
Ақ ұлпаға,
Аппақ тонға
Ораныпты жер беті
Атқан таңдай
Сұлу қандай
Туған өлке келбеті.
Елка жырын,
Елка жырын
Әндетеміз бәріміз.
Табыстарды,
Жарыстарды
Жыр етеді әніміз.
Аяз ата —
Аяулы ата,
Кел билеңіз бізбенен.
Жаңа жылдың
Жаңа жырын
Шырқайды ұлан жүздеген.
Елкамызға,
Ортамызға
Аяз ата, келіңіз.
Жаңа жылда
Жаңа нұрға
Толсын туған еліміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу