Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  66


Автор: Бекен Әбдіразақов

Севастополь, одесса

Волганы бойлап Донменен,
Шығайық Қара теңізге.
Мұнда да даңқы өрлеген,
Ерлер бар – жаны егіз дер.
Севастополь – деп бірін,
Одесса – дейді біреуін.
Басатын жаудың екпінін,
Қос қала –
қорған, тіреуім.
Теңізден жаны жаралып,
Тербеткен толқын бесігін,
Өр өжет ұрпақ, бары анық,
Теңізші дейтін есімін.
Шоқ болып көше тастары,
Күйдірді фашнст табанын.
Катакомбалардан астағы
Жеткізді жеңіс хабарын.
Теңіздей дауыл тулатқан,
Дүрліге шауып жауына,
Қаһарлы ұран туды «Аттан!»
Ту тіккен Сапун тауына.
Теңізге бар да, жан балам,
Сәлем бер, батыр ағаңа.
Көк толқын үстін шарлаған
Солар ғой – аппақ шағала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу