Эсселер ✍️

  30.05.2022
  1402


Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи маңызын бағалап жаз

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу- ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.


«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен


тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси


«Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми –


«Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы


Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды.


Абайдың аталмыш поэмасының көтерген ең басты идеясы – адамның көзі ешқашан дүниеге тоймайды, бірақ өлген кездегі бір уыс топыраққа тояды


деген идеяны негіз етеді. Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып,оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық ара-сында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы “Қос мүйізді


Зұлқарнайын” деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай жырлаған Ескендір, Александр


Македонский–тарихи тұлға. Ол–бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.Абай мұраларының қазақ, Шығыс,


Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мы­салы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша


тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу