Эсселер ✍️

  30.05.2022
  5152


«Қазақ үшін қыз – ұлттық намыстың белгісі» деген ойға өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз (Ш.Құсайыновтың «Томирис» драмасы бойынша)

Қазақ әуелден ақ қыздарын құрметтеген халық.”Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе жердің көркі” - деген халық нақылы тегін айтылмаса керек-ті. Қазақ қызы - ұлттық намыстың бір бөлігі, қыз - ар-ұятымыз, қыз - болашағымыз. Халқымыздың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сөздері өмір тәжірибесінен алынғаны сөзсіз. Сондықтан да қыз баланың бойында ақылдылық, инабаттылық сынды жақсы қасиеттер жастайынан қалыптасуы тиіс. Қазақ тарихында да ел мақтап, жұрт мақтанарлық, ұлтының ары мен жұртының намысы болған қазақ қыздары жетерлік. Сонау сақ дәуіріндегі бүкіл бір елдің патшайымы болған Томиристің ақылдылығы мен көрегендігі, Дина апаларымыздың өнері, Әлия, Мәншүктердің көзсіз ерліктері, бәрі-бәрі қазақ қызының жан жақтылығына, қазақ қызының ұлттық намыстың, ұлттық рухтың бөлінбес бөлшегі екендігіне дәлел іспетті. Қазақ әдебиетінде ұлттық намысымыздың бір бөлігі болған, тарихта есімі мәңгіге қалған Томирис патшайым туралы жазылған тың драмалық туындының авторы - Шахмардан Құсайынов.


 


Шахмардан Құсайынов - қазақ әдебиетінде ерекше қолтаңбасын қалыптастырған алып тұлға. Шахмардан Құсайыновтың әдебиетіміздегі ерекше орынға ие,елеулі туындысы - драматургия жанрында жазылған, тарихи шығарма - “Томирис” драмасы. Әйгілі Тұмар патшайымның тарихи бейнесі күні бүгінге дейін батырлық пен әділдіктің көрінісіндей елес береді. Геродот жазбасындағы адамзат тарихындағы әйгілі оқиға Парсы патшасы Кирдің сақ патшасы Томиристі әйел етіп алғысы келгенімен басталады. Данышпан, көреген Томирис патшайым бұның стратегиялық саясат екенін сезіп, Кирмен арада қиян-кескі шайқас болып, оқиғаның соңы Кирдің өлімімен аяқталады. Не деген қайсарлық! Неткен ержүректік десеңізші!!! Осыдан кейін қазақ тарихында талай жауынгер, батыр арулар шықты, талай қазақ қыздары ел үшін күресіп, ұлтымыздың ұлттық намысына айналды. Ежелден-ақ дана халықтың өжеттік пен батырлықтың, нәзіктік пен сұлулықтың символы болған, қырық үйден тыйынған қазақ қыздары - бүкіл бір ұлттың қазынасы.


 


Қорытындылай келе, қазақ қыздарының ұлттық намыстың, ұлттық рухымыздың, ұлттық сипатымыздың бір бөлігі екендігі Ш.Құсайыновтың


«Томирис» драмасындағы сақ патшайымы Тұмар бейнесінен бастап, ілгеріден мыңдаған ғасырлар бойы ұлттық болмысымыздың бөлінбес бөлшшегіне айналды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу