Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  95


Автор: Бекен Әбдіразақов

Құрдастар атынан

Иә, достар, жиырма – жай бозбалалық,
Өмір жайлы әңгіме қозғамалық.
«Не көрдің сен, сумұрын!» деген сөзден,
Құлақтардың құрышы тозғаны анық.
Шыныменен жанбыз ба осы біздер,
Дүниенің шуағын, хошын іздер!
Жоқ, сенбеймін, құрбыжан біз басқамыз,
Еңбек пенен ерлікті досымыз дер!
Жасым жас боп, жүрмеппін оқ астында,
Не тұр екен соншалық оғаш мұнда?!
Зеңбіректі өң түгіл түсімде де
Көрсетпесін ылайым қол астымда!
Онсыз да дала көркем, кең сияқты,
Ал бірақ та үлкендер мен сияқты
Жиырма жаста гүл болмай, найзағай боп
Атылыпты, қартайып пенсия апты.
Мен де өзімше – сонда да кешікпеппін,
Дер кезінде жігіт боп өсіп кеппін.
Балалыкты он бесте-ақ атып ұрып
Ағалардай майданды кешіп кеттім.
Тыңда жазып ерліктің тың дастанын,
Жырға қостым Теміртау нұрлы аспанын.
Көктей өтіп жеті қат көк аспанды,
Қол ұстасты жұлдызбен құрдастарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу