Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  109


Автор: Бекен Әбдіразақов

Өкпем сұмдық қысылды өкініштен...

Өкпем сұмдық қысылды өкініштен,
Мықтымсынып масайрап көкіп ішкем.
Мықырлар мен сараңдар есебінен
Жаңылмастан жүр іштей өсіп іштен.
Ата-бабам қойса да атымды алаш,
Билеген бұ заманда қатын-қалаш.
Құлдарға еріп, күндерді құшаққа алып,
Қылыппын-ау тәп-тәуір затымды алас!
Көріңде өкір дейін мен енді кімге,
Көріп жүрмін бостандық теңдігін де.
Қыңқылдасам боламын бұдан әлі
Қарсы қарай шаптырған желді күнге!
Кесапаттар кешегі мығымдалып,
Көбісі жүр шыбынға шығындалып.
Мен жүрмін сұмдардың ғайбатынан
Ақ жүрегім аузыма тығындалып.
Бұ не деген япырмай, шыбын халық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу