Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  102


Автор: Бекен Әбдіразақов

Кеш түседі, жарқырап таң атқанмен...

Кеш түседі, жарқырап таң атқанмен,
Көп ойнауға болмайды жаратқанмен.
Жан кешірмес күнәңді өмірдегі,
Тышқан мұрнын құрбан ғып қанатқанмен.
Осы бір ой жегідей жейді мені,
Көңіліме қонбайды дейділері.
Арамдығын жасаған тіршілікте,
Ақтамақ боп жүрсе де кейбіреуі.
Көңіліме қонбайды, қонбайды ғой,
–Сен ғана емес...– ақтау ма, ондайды қой.
Кісі жібін аттаған қиянатпен,
Екі дүниеде оллаћи оңбайды ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу