Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  90


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шәмілді ойлап мен бүгін...

Шәмілді ойлап мен бүгін
Түнімен ұйықтай алмадым.
Қайтейін, дүние кеңдігін,
Құша алмай кетті-ау арманын.
Көктемнің саумал самалын
Жұта алмай кетті-ау әз досым.
– Ауылға бірге барамын
Осыдан, Бекен, жаз болсын,–
деп жүрген Шәміл елес боп
Қалды да қойды көңілде.
Достарым менің емес көп,
Бір тұтам мынау өмірде.
Адамға шаттық төгуді
Үйренсек жомарт көктемнен.
Гүл жауып нұрлы көгімді,
Мұнан да жайнап көктер ме ем?!
Шәмілді ойлап мен бүгін
Түнімен шырым алмадым.
Жігіттің адал елдігін
Көру ғой – жасыл арманым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу