Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  87


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қара теңіз...

Қара теңіз,
Жалғыз қазақ жағалаудан
Боз айдынға телміреді.
Толқынында шағала аунап,
Ішін басып жел күледі.
Жарты дүние – балуан тұлғаң,
Еске салды-ау боз даласын!
Бәйге шауып сайран құрған
Дала үстіндей қозғаласың.
Қозғаласың тіреп көкті,
Кетпекпісің Күнді арқалап?
Тыншымаған тілеп жоқты
Сен жас жігіт бір нар талап.
Қара теңіз,
Жалғыз қазақ жағалаудан
Тұра берер телмірер де...
Кеудесінде шағала аунап
Жатқанын бұл ел білер ме?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу