Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  184


Автор: Бекен Әбдіразақов

Досқа – таба, дұшпанға күлкі етпеші...

Досқа – таба, дұшпанға күлкі етпеші,
Құдайым,
Жалбарынып, жалынып, бұ дүниеде
сұрайын.
Жетімдікті көп көрдім, бұламадым жасымды,
Ақырғы дем біткенше темір етші, шыдайын.
Білемін ғой темірде тозады екен тот басып,
Болар-болмас нәрсеге ажырасып, тоқтасып
Өмірімнің жарымын өткізгесін шоқ басып,
Жақсылықты жатпаймын жылап-сықтап
жоқтасып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу