Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  72


Автор: Бекен Әбдіразақов

Елу үшім, қош болып тұр...

Елу үшім, қош болып тұр,
Қанат жайып ұшпадым.
Еңбегім де еш болып тұр,
Қиял құсын ұстадым.
Тізерлеткен талай ерді
Тағдыр атты мыстанның,
Мысқылменен қарай берді,
Ашып-жұмып қыспағын.
Тозді жаным, үні шықпай,
Үйдей бәле төнсе де,
Көңілімнің күні шықпай,
Таңғы үмітті көмсе де.
Бірақ өмір әміріне
Әлі келмес пенденің,
Адалдықтай тәңіріме
Жеңді мықтап сенгенім.
Елу үшім, өзіңменен
Тірілді де өлгенім,
Ғұмыр бойы безінбеген
Қайта жанып сөнгенім,
Рас па ашық көзімменен
Елу төртке келгенім?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу